Шыңғырлау аудандық орталықтандырылған кітапханалардың қызметін пайдалану
ЕРЕЖЕСІ
- Жалпы ережелер.
1.1 Шыңғырлау аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің кітапханаларды пайдалану ережесі ҚР Конституциясы мен ҚР «Мәдениет туралы», «Авторлық және зияткерлік құқық туралы» Заңдарына, орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің Ережесіне, ҚР мәдениет және ақпарат Министрлігінің кітапханалар жүйесін пайдалану Ережелеріне сәйкес құрастырылған.
1.2. ОКЖ кітапханалары өз құқықтарындағы қор мен ақпарат құралдарын бұқаралық пайдалануды ұйымдастырады.
1.3. ОКЖ қорлары ҚР мемлекеттік меншігі болып саналады және мемлекеттің
қорғауында.
1.4. ОКЖ ҚР азаматтарын экономикалық, әлеуметтік және рухани байыту мақсатымен ақпараттық құралдарды және кітапхана қорын нәтижелі пайдалануды қамтамасыз ету.
1.5. ОКЖ кітапханалары - жалпы пайдалануға мүмкіндік тудырады. Кітапханалардың қызметі мен қорды пайдалану құқы (олардың үлгілеріне тәуелді) беріледі:
- балалар кітапханасы мен балаларға қызмет көрсететін бөлімдерде 5 жастан;
- үлкендер мен жасөспірімдерге 15 жастан 24 жасқа дейін.
Негізгі қызмет түрлері, олардың әр топтағы пайдаланушыларға көрсетілетін ақпарат осы Ережемен және ОКЖ Ережесіне сәйкес жүргізіледі.
1.6. Кітапхананы пайдалану тегін. - ОКЖ кітапханаларын пайдаланушылардың құқығы мен
міндеттері.
2.1 Пайдаланушылар кітапхананы мекен-жайы, оқу, жұмыс және демалу орындары бойынша пайдалана алады.
2.2 Уақытша пайдалануға ОКЖ-ның барлық бөлімшелерінен баспа өнімдерін, ақпаратты электронды құрал түрлерін алуына болады.
2.3 Электронды құжаттарды және басқа түрде өзге кітапханалардан (пайдаланушының есебінен) ақпарат алып беру.
2.4 Жұмыста авторлық құқықты сақтай отырып электронды деректер базасынан, Нұра ОКЖ каталогтары мен картотекалардан, монитордан тікелей оқу арқылы толықмәтінді құжаттарды пайдалануға, рұқсат бойынша құжатты принтерге басып алуға болады.
2.5 ОКЖ кітапханалары ұсынатын ақпаратты-библиографиялық және ақпаратты қызмет, басқа қызмет түрлерін пайдалануға болады.
2.6 Шыңғырлау ауданының кітапханаларында өткізілетін шараларға қатысады. Оқырмандарға қызмет көрсететін кітапханада белгілі бір құжат не басылымның бар, жоғы туралы ақпарат алады.
2.7 Абонементте үйге баспа өнімдері мен басқа құжаттарды уақытша беру мерзімдері:
- 5 данаға дейін 30 күн (ересек оқырмандар);
- 5 данаға дейін 15 күн (балалар кітапханасы).
2.8 Үйге алған әдебиеттерді ұзарту мерзімі:
2.9 15 пен 24 жас арасындағы жасөспірімдерге ересектерге арналған кітапхананың жөсөспірімдерге кітап беру кафедрасы қызмет көрсетеді.
- 15 күнге, 2 рет, егер басқа оқырмандардан сұраныс болмаса (ересек оқырмандар);
- 2 рет, егер басқа оқырмандардан сұраныс болмаса (балалар кітапханасы).
2.10 Мектеп жанына дейінгі балалар мен 1-9 сынып арасындағы оқушыларға балалар кітапханасында қызмет көрсетіледі.
2.11 Балалар оқуының жетекшілері: мұғалімдер, тәрбиешілер, мектепте сыртай жұмыс істейтін қызметкерлер, сонымен қатар ата-аналар өз талаптарына сәйкес әдебиетті пайдалану үшін балалар және ересектер кітапханасынан ала алады.
Кітапханаларда отбасылық абонемент ашылуы мүмкін.
2.12 Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен қатысушылары, еңбек ардагерлері «үйдегі абонемент» қызметін пайдалануға құқылы.
3.Пайдаланушылардың міндеттері:
2.10 Баспа өнімдеріне, электронды және басқа кітапхана құжаттарына ұқыптылықпен қарау қажет, беттерін қайруға, белгі салуға, оқырман залынан алынған әдебиетті алып шығуға болмайды.
2.11 Абонементтегі кітап қоры мен ашық қордағы кітаптардың орналасқан орнын бұзбау керек.
2.12 Баспа өнімдері мен басқа құжаттарды алғанда, пайдаланушы оны қарап шығуға міндетті, бір кемістік табылған жағдайда кітапханашыны хабардар етеді.
2.13 Кітапхана мүлкіне, компьютерлі құралдарға ұқыптылықпен қарауға міндетті.
2.14 Компьютерлі бағдарламаларда бұзылу болса – маман мен кітапханашыға айту керек.
2.15 Қоғамдық орындарда тәртіп сақтау.
4.Электронды құралдар. Ақпаратты көшіру.
2.16 ОКЖ пайдаланушылар – толықмәтінді электронды базалар деректерін, міндетті түрде «Авторлық және сабақтас құқық туралы» Заңына сәйкес пайдалану құқығы беріледі.
2.17 Электронды құжатты пайдаланушыға сұрау, көру жәнен таңдау құқығы беріледі.
2.18 Құжаттарды, мақалаларды, ақпаратты кітапхана қорының бір бөлігі болып табылатын басқа құралдардан көшіру, әрекеттегі авторлық құқық туралы заңнамаға сәйкес жүргізіледі.
Рұқсат етіледі:
- Кез келген тасымалды ақпарат сақтаушылар (дискет, флеш-порт,CD, DVD, цифрлы камералар және т.б.) оқуға қажетті көлемде, құжаттың 1/3 артық емес көшірме жасалады.
- Кез келген тасымалды ақпарат сақтаушыға көшірме жасау жоғарыда көрсетілген жағдайда библиограф пен оқырман залының кітапханашысының компьютерінен ғана жасалады.
- Принтерде басып шығару, ақпаратты көшіру библиографтың және оқырман залының кітапханашысының рұқсатымен авторлық құқықты бұзбайтын көлемде, бір дана және құжаттың 1/3 бөлігін басып шығарылады.
- Ақпаратты толық көшіру автормен өзі келіскен жағдайда жүргізіледі.
5.Басқа ережелер.
5.1. Кітапхананы пайдаланушыларға тұрған мекен-жайын растайтын құжатын көрсеткенде қызмет көрсетіледі:
-төлқұжат, жеке куәлік, ҚР азматтарды тіркеу кітабы, әскери билет (әскери қызметкерлер) – кітапханананы пайдаланушыларды куәландыратын құжаттар.
- өздері қамқоршылығын көріп отырған ата-аналар мен қамқоршылар кепілдігі – 5-тен 16-қа дейінгі оқырман балалар үшін.
5.2. Қайта тіркеу кезінде, оқырмандар мекен-жайын анықтайтын жеке куәлігін көрсетеді. Оқырмандарға өз отбасынан басқа біреу үшін кітап тапсыруға, алуға рұқсат етілмейді.
5.3. ОКЖ кітапханаларының оқырман залынан баспа өнімдері мен құжаттар үйге берілмейді.
5.4. ҚР Азаматтық кодексі мен «Мәдениет туралы» заңына сәйкес ОКЖ кітапханалары қорынан баспа өнімдерін не басқа құжаттарды жоғалтқан, не зиян келтірген азаматтар, мекемелер мен ұжымдар міндетті: оларды тура сондай әдебиет не құжатпен алмастыруға, не мазмұны тең келетін әдебиетпен алмастырылады. Алмастыру мүмкін емес жағдайда пайдаланушы жоғалған әдебиеттің не құжаттың он есе құнын ҚР «Мәдениет туралы» Заңына сәйкес қайтаруға міндетті.
5.5.Электронды тасымалдаушылармен жұмыс істеу барысында: құқықты бұзатын мобильді байланысты, лицензиялық құжаттарды пайдалануға болмайды.
- Кітапхананың құқықтары мен міндеттері.
Шыңғырлау орталықтандырылған кітапханалар жүйесі:
6.1. Құқықтары:
6.1.1. Өздігімен Жарғыда көрсетілгендей, мақсаты мен міндеттеріне сәйкес қызметтің мазмұны мен түрлерін анықтайды.
6.1.2. Барлық ОКЖ қарасты кітапханалардың кітапхананы пайдалану Ережесін құрастыру.
6.1.3. Кітапхананы пайдаланушылардың келтірген зиянының орнын толтыру үшін шаралар қолданады.
6.1.4. ОКЖ кітапхана қорынан баспа өнімдері мен басқа ақпараттық құжаттар беру шарттарын анықтау.
6.1.5. Үйге пайдалануға 1 дана басылымдар берілмейді. Бұл басылымдар тек оқырман залында пайдалануға беріледі.
6.1.6. Оқырман залында бір мезгілде 5 дана басылымды пайдалануға беруге болмайды.
6.1.7. Абонементке қарыздар оқырманға оқырман залында қызмет көрсетілмейді.
6.1.8. Өздігімен, экономикалық есеп пен шығын негізінде ақылы қызметтің бағасын анықтайды (ксерокөшірме, компьютерде жұмыс істеу, өтем, және т.б.).
6.2. Кітапханалар міндетті.
6.2.1. ОКЖ Ережесіне және осы кітапхананы пайдалану Ережелеріне сәйкес, кітапханалар пайдаланушыларға кез-келген ақпаратты алуға рұқсат береді, әдебиетті таңдауда көмек көрсетеді, құжаттармен жұмыс жасағанда кеңес береді, ақпараттық-библиографиялық аппаратпен және қатты электронды ақпарат тасушылармен таныстырады.
6.2.2. Әр пайдаланушыға және оқырманға абонемент пен оқырман залында толық, жан-жақты қызмет көрсетеді.