Кітапхана құрылымы

Шоқтыбай ауылдық кітапханасы 1960 жылы мәдениет үйі жанынан ашылды. 2016 жыл 3 тамызда кітапханаға Шоқтыбай модельді  ауылдық  кітапханасы статусы берілді.

Шыңғырлау ауданы Ащысай ауылдық модельді кітапханасы

Шыңғырлау ауданы Ащысай ауылы

Ащысай ауылының картасы

Шыңғырлау ауданы Ақтау ауылдық модельді кітапханасы

Шыңғырлау ауданы Ақтау ауылы

Ақтау ауылының картасы

1 филиал тарихы

Ақбұлақ  ауылдық кітапханасы

Аудандық орталық кітапхана

 

Кітап қоры – 35288, қазақ тілінде – 18985

Оқырман саны – 3757

Кітап берілімі – 73612

Келім саны - 29624

 

 

Шыңғырлау аудандық кітапханасы 1939 жылы көпшілік кітапханасы болып құрылған. Қазіргі кезде аудандық кітапхана білім,  ақпарат және мәдени орталық. Кітап қорында 34917 дана кітап бар. Соның ішінде қазақ тіліндегі басылымдар 18888. Кітапханада оқырмандардың кәсіби шеберліктерін жетілдіруде, өз беттерімен білім алуына, ізденістерін қанағаттандыруда, кітапханалық қызметті сапалы ұйымдастыруда кітапханада бөлек топтар мен оқырмандар категориясына жеке тұрғыдан қызмет көрсетіледі. Бүгінгі таңда аудандық орталық кітапханасы 3757 оқырманға ақпараттық қызмет көрсетуде. 

Ақпараттық жұмыстардың жаңа тәсілдерін іздеу, кітапхана жұмысын автоматтандыру бағытында 2006 жылдан бастап Шыңғырлау аудандық орталық кітапханасы «Kazaks Sogi» компаниясы құрастырған КАБИС бағдарламасымен жұмыс жүргізіліп, электронды каталог жасақталуда. Қазіргі уақытта КАБИС бағдарламасы бойынша жаңа түскен басылымдарды өңдеп, каталогтау, мерзімді басылымдар мақалаларын анықтамалық-библиографиялық сипаттау, оқырмандардың тақырыптық сұранысы бойынша іздеу, ретрофонд кітаптарын енгізу, оқырмандар картотекасын жасақтау бойынша жұмыстар жүргізіліп отыр.

 

Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі

Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі оқу залынан және абонементтен тұрады. Бөлімнің басты мақсаты пайдаланушылардың ақпараттық сұранысын қанағаттандыру және рухани-мәдени деңгейін көтеру, ел тарихындағы аса маңызды оқиғаларды, мәдени-әлеуметтік, саяси-экономикалық өзгерістерді баспасөз материалдарының желісімен кеңінен насихаттау. Оқырмандар деңгейіне қарай сұраныстарға дифференциялық қызмет көрсетеді. Жаңа оқырманға ақпараттарды іздестіру, анықтама аппаратымен қолдану тәсілін түсіндіріп, бағыт беріп отырады.

 

Оқу залы

Оқу залы - оқырманның қазіргі заманғы және өзекті әр түрлі тақырыптағы ақпараттық сұраныстарын қанағаттандырып, жеке жұмыс жасауға қолайлы жағдай жасалған орын. Оның басты қағидаттары жалпыға бірдей қолжетімділік,  жедел және толық орындалатын сұраныстар.

Оқу залында әдебиеттердің барлық саласы бойынша кітаптар мен брошюралар жинақталып, өлкетану әдебиеттерімен, анықтамалықтар, энциклопедиялар, оқырманның барлық сұранысына жауап беретін әдебиеттермен толықтырылып отырылады.

Бөлім көрсететін қызметтер:

  • кітап басылымдарымен жедел және сапалы қызмет көрсету;
  • қажетті тақырыпта ақпаратты іздестіру және жедел тауып беру;
  • ақпарат көздерін іздеу мен таңдауда кеңестік көмек беру;
  • оқу залы қорын пайдаланып анықтама орындау;
  • тақырыптық, ақпараттық көрмелер ұйымдастыру;
  • ақпарат күндерін өткізу.

Абонемент

Абонемент бөлімі кітапхананың жеке абонемент арқылы әдебиеттерді уақытша үйге пайдалануға беру жұмыстарын іске асыратын құрылым болып табылады. Бөлім әр түрлі топтармен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасайды. Атап айтқанда зейнеткерлер мен мүмкіндігі шектеулі азаматтармен жұмыс атқарылуда. Бұл жұмыс екі бағытта атқарылады: денсаулығына байланысты кітапханаға қатынай алмайтын адамдарға үйде қызмет көрсету және кітапхана қабырғасында бос уақытты ұйымдастыру.

Бөлім көрсететін қызметтер:

  • оқырмандардың бойында ақпараттық мәдениет пен кітап оқу мәдениетін қалыптастыруға ықпал ету;
  • қоғамның кітап оқымайтын топтарына оқуды насихаттау;
  • кітапханадан тыс жылжымалы кітапханаларды ұйымдастыру

 

Әдістемелік-библиографиялық бөлім

Әдістемелік-библиографиялық бөлім аудандағы ауылдық бөлімше кітапханаларына әдістемелік орталық болып саналады. Бөлім ауылдық кітапханаларға көмек көрсетіп, оқырмандарға ақпараттық-библиографиялық қызмет көрсетеді. Оқырманның түрлі дәрежелі топтарына жедел кітапханалық-библиографиялық қызмет көрсетуде орыс және қазақ тілінде әлеуметтік ерекшелігін олардың сұранысын, қызығушылығын ескеріп, әдебиеттердің ұсыныстық тізімдері, атаулы күндерге және ақын-жазушыларға, мерейтой иелеріне арналған әдістемелік-ұсыныстық көрсеткіштер шығарып отырады.

 

Бөлім көрсететін қызметтер:

  • кітапханалардың жұмыс сапасы мен нәтижесін арттыру;
  • кітапханалық қызметті ұйымдастыру және жоспарлау мәселесі бойынша кітапхананың құрылымдық бөлімшелерімен жұмысты үйлестіру;
  • ауылдық кітапханалармен өзара байланыста болу;
  • мамандардың кәсіби, шығармашылық қабілетін арттырып, дамыту;
  • әдістемелік құралдар, шығармашылық жобалар;
  • Семинар-кеңестер, байқаулар өткізу;
  • Іс-сапарларға шығу.

 

Әдебиеттерді толықтыру және өңдеу бөлімі

Кітап қорын толықтыру және өңдеу бөлімі қорды қалыптастырумен айналысады. Кітап айырбасын жүзеге асырады. Кітапхана қорының жиынтық және жекелей есебін жүргізіп, жаңа түскен басылымдарға электронды каталогтың ДБ қалыптастырады, кітапхананың бас каталогын ұйымдастырады. Шыңғырлау аудандық орталық кітапханасының кітапты толықтыру және өңдеу бөліміне жыл сайын алты мыңға жуық жаңа әдебиеттер келіп түсіп, жыл бойына 88 аталым бойынша мерзімді басылымдарға жазылады. Оның ішінде мемлекеттік тілде барлығы 67 аталым.

Бөлім көрсететін қызметтер:

  • Кітапхана қорын оқырмандардың ақпараттық қажеттіліктеріне    сәйкес қалыптастыру;

 

  • кітапханаға түскен басылымдарды КАБИС бағдарламасының «Каталогизатор» модулі бойынша қабылдау, қадағалау, есепке алу, тіркеу, техникалық өңдеу, каталогке енгізу және оны тиісті бөлімдерге тапсыру; 
  • кітапхана қоры қозғалысының санағын жүргізу;

 

 


 Бірыңғай қорды ұйымдастыру және пайдалану бөлімі

          Бұл бөлімнің кітап қорында Шыңғырлау аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі бойынша құнды басылымдар жинақталған. Бірыңғай қорды ұйымдастыру және пайдалану бөлімі өз жұмысының барысында кітапхана жұмысының барлық түрлерін басшылыққа ала отырып бірыңғай қормен орталық кітапхана жүйесіндегі әдебиеттерді насихаттауға ықпал етеді. Кітап қорындағы басылымдар  туралы ақпараттар беріп, қажет басылымның  қай қорда екенін анықтап, басылымдардың кітапханаралық пайдалануын және мектептер мен мекемелерде кітап көрмелерін ұйымдастырады.

 

 

 

 

 

 

 

Кітапхана жетістіктері:

2017 жылы Ж.Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен   Ж.Молдағалиевтың туған күніне орай өткен  «Артында өшпейтұғын сөз қалдырған» атты XXVII облыстық «Жұбан оқулары» байқауына  Шыңғырлау ОКЖ-сі  атынан Шыңғырлау ЖОББМ   қазақ тілі пәнінің мұғалімі   Сейтова Айнур Жасталапқызы қатысып бас жүлдеге ие болды.

2019 жылы 29 қараша күні ауданда өткен «РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ OSKARY – 2019» және «ЖЫЛ ҮЗДІГІ» премиясын табыстау кешінде Аудандық орталық кітапханасында ұйымдастырылған «Кітап – уақыттың мәңгілік куәгері» атты библиотүн бағдарламасы жылдың үздік шарасы аталып, марапатталды.

2020 жылы Шыңғырлау аудандық орталық кітапханасының балалар мен жасөспірімдермен жұмыс жүргізу әдіскері Айтжанова Гүлназ Оразғалиқызы Хамза Есенжанов атындағы балалар және жасөспірімдер кітапханасының кітапханашылар арасында ұйымдастырған «Абай – қазақ халқының алтын діңгегі» атты облыстық онлайн трибьютке қатысып «Креативті жас кітапханашы» номинациясы бойынша дипломға ие болып, марапатталды.

2020 жылы кемеңгер ойшыл, ұлтымыздың тарихында ерекше орын алатын ұлы тұлға, ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай Жұбан Молдағалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы ұйымдастырған «Абай оқулары» облыстық on-line байқауында аудандық орталық кітапханасының оқырманы Исекенов Айдос Қарлыбайұлы бас жүлдеге ие болды.       

2020 жыл Батыс Қазақстан облысы мәдениет басқармасының қолдауымен Батыс Қазақстан облысы зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапхананың ұйымдастыруымен өткізілген республикалық  «Мен қазақпын»  онлайн байқауында Шыңғырлау аудандық орталық кітапханасының оқырманы Гумарова Бибінұр қатысып жүлделі  І орынға ие болды.

2021 жылы «Өрлеу» білім беруді және мәдениетті дамыту қоры» қоғамдық қоры Қазақстан Республикасының  ұйымдастырған кітапхана қызметкерлерінің шығармашылық әлеуетін ашу, қолдау, инновациялық қызметті дамыту, кітапханалардың беделін көтеру, кітапхана қызметкерлерінің ынтасын арттыру мақсатында «Қазақстан Республикасының үздік кітапханасы» республикалық конкурс ұйымдастырды. Бірнеше бөлімнен тұратын сырттай конкурстың қорытындысы бойынша  «Біздің кітапханаға, қош келдіңіз!» номинациясымен Шыңғырлау аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің аудандық орталық кітапхананың кітапханашылары Г.Б.Айжарикова, Ж.А.Мулдагалиева, М.Ғ.Жаимова 3 орынға ие болды.

2021 жылы 26 мамыр күні Батыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасының қолдауымен Хамза Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасы отбасылық оқулар арқылы казіргі жағдайдағы отбасының белсенді әлеуметтік ұстанымының қалыптасуын, әлеуметтік желілердегі кітап насихаттауда белсенділігін дамытуын, отбасылық оқу мен отбасылық бос уақытты ұйымдастыруын қалыптастыру мақсатында ұйымдастырған «Ақжайық өңірінің оқырман отбасы - 2021» онлайн облыстық фестиваліне Шыңғырлау аудандық орталық кітапханасынан Шорабаевтар оқырман отбасы қатысты. Шараға қатысқан оқырман отбасы өздерін таныстырып, оқыған кітаптарын қалың көпшілікке ұсынды. Фестиваль барысында Шорабаевтар отбасы бүгінгі күні кітап оқуды насихаттайтын үздік, белсенді отбасылардың бірі екендігін көрсете білді. Фестиваль қорытындысы бойынша Алғыс хат пен естелік сыйлықтар ие болды.

2021 жылы Мекемелер мен кәсіпорындар арасындағы мемлекеттік тілді меңгерген қызметкерлердің санын арттыру, рухани құндылықтарымызды насихаттау, қоғамның әр саласында қызмет етіп жүрген мамандарды ынталандыру мақсатында Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасы ұйымдастырған облыстық байқауда Шыңғырлау аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің қызметкерлері жүлделі ие болып, ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

 

 

 

 

2019 жылы 12 шілде күні Шыңғырлау  аудандық мәдениет үйінде Жастар жылына орай, ҚР тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаевтың  «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалаларын насихаттау  барысында облыстық мәдениет басқармасының қолдауымен, Қазақ соқырлар қоғамдық бірлестігінің БҚО филиалы және облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға  арналған арнаулы кітапханасының «Жүректен жүрекке» атты концерттік бағдарламасы өткізілді.

 

Облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған кітапханасының құрылғанына 50 жыл толуына орай  зағип және нашар көретін оқырмандар арасында «Кітапхана менің өмірімде» атты «Ең үздік шығарма» байқауына Амангелді ауылдық кітапханасының оқырманы Гумарова Бибінұр Тілекқабылқызының жұмысы жолданып, байқау қорытындысында белсене қатысқаны үшін Алғыс хатпен  марапатталып, ақшалай сыйлық сертификатына ие болды.

 

 

Батыс Қазақстан облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапханасының құрылғанына 50 жыл толуына орай зағип және нашар көретін азаматтардың кітап оқуға қызығышулығын ояту, туған өлкену танып білуді насихаттау мақсатында  Шыңғырлау ауданының шығу тарихы туралы «Шыңғырлау аңызы» атты  әдістемелік құралды(СD диск)түрінде дайындалып,байқауға жолдау алғыс хат иеленді.

 


 

Шыңғырлау аудандық орталық  кітапханасының   ұйымдастыруымен   Шыңғырлау арнаулы  әлеуметтік  қызмет көрсету  орталығында 2019 жылдың қазан айының 4-жұлдызында «Қарттарым-асыл қазыналарым» атты әдеби-сазды кеш  өткізілді.  Шара барысында қатысушы қарияларды мерекелерімен құттықтап, үлкенді сыйлау мен құрмет көрсету туралы сөз қозғап, қариялар туралы мақал-мәтелдер айтылып, С.Нұржанның «Шалдарды сағыну», Қ. Бекхожиннің «Қария мен дария», С. Жиенбаевтың «Қарттарым, аман сау жүрші» өлеңдер оқып,  оқырмандар назарына М. Мақатаевтың сөзіне жазылған Ә. Құрманәлиевтің «Қариялар азайып бара жатыр»  әнінің бейнебаянын ұсынып, кітапханаға түскен жаңа әдебиеттерге шолу жасалды.

 


 

 

13 қараша күні «Ақ таяқ» айлығы аясында «Жүрекпен көретін жандар»атты мейірімділік сағаты  өткізілді.Шара барысында жанары көрмесе де жүрегі көретін, өмірге құштар, тағдырдына мойымай  жанарынан айырылса да , соған қарамастан өмірдің қиындықтарына төтеп беріп еңбек етіп жатқан жандар туралы айтылды.

 

 

 

29 қараша күні Аудандық орталық  кітапхананың  ұйымдастыруымен Шыңғырлау арнаулы  әлеуметтік  қызмет көрсету  орталығында «Елбасы-кемеңгер көшбасшы» атты ауызша журнал өткізілді. Шара барысында  Елбасының өміржолынан сыр шертетін «Елбасы- елдің тұтқасы» атты бейнебаян қатысушылар назарына ұсынылып, Елбасы туралы «Елімнің тұңғыш Президенті» атты кітап көрмесіне шолу жасалды. Шара барлық қатысушылардың Е.Хасанғалиевтің «Атамекен» әнің орындауымен аяқталды.

2019 жылдың 3 желтоқсан күні күні мүмкіндігі шектеулі жандар арасында  «Жанашырлыққа - жан риза» атты әңгіме-диалог ұйымдастырылды. Мақсаты мүмкіндігі аз, денсаулығында ақауы бар адамға көмектесу пейілдің кеңдігі мен жанашырлықты көрсету. Адам өміріндегі ең игі істерінің бірі – мұқтаж жандарға қамқорлық жасау.

 


 

 

2020 Қазақстан халықтары Ассамблеясының 25 жылдығына орай «Менің елім-Мәңгілік ел»  атты бейнебаян  кітапхананың «Фейсбук» әлеуметтік желісіндегі парақшасы оқырмандары назарына ұсынылды. Бейнебаянда кітапханамыздың тұрақты оқырманы Бекбулатова Сания  ҚР халықтары Ассамблеясының 25-жылдығымен құттықтап, өзінің жылы лебіздерін білдірді.

 


 

Кеңес одағының батыры, жазушы, Екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, әскери қолбасшы Бауыржан Момышұлының 100 жылдығына орай  «Жарияланбаған жазбалар» атты аудиокітабын мүмкіндігі шектеулі оқырмандар назарына ұсынылды.

 

Кітапханашы – Мулдагалиева Жанаргул
Куратор – Тулешова Гүлнар Рахметқызы

Шыңғырлау аудандық балалар кітапханасы 1977 жылы Аудандық орталық кітапхана құрамында ашылған. Кітапхана 5 жастан 16 жас аралығындағы балаларға және олардың ата-аналарына, мұғалімдеріне, тәрбиешілеріне, балалар оқуымен, балалар тәрбиесімен айналысатын түрлі сала қызметкерлеріне ақпараттық қызмет көрсетеді.