Адамзаттың рухани тыныс-тіршілігінің көзі болып табылатын кітапхана қазіргі кезде әр адам үшін білімін жетілдіруге, ақпараттық қажеттіліктерін ақысыз қанағаттандыруға, қызығушылығы ортақ мүдделестермен кездесу алаңына, тәжірибе алмасуға мүмкіндік беретін орталыққа айналып отыр. Осындай рухани ошақтардың бірі – Шыңғырлау аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі.

Біздің кітапхана оқырмандардың сұраныстарына орай бүгінгі заман талабына сай қызмет етіп, кітапханалық-библиографиялық үрдістерді автоматтандыру негізінде өзіндік және әлемдік электронды ресурстарды пайдалануды, қорды насихаттау, білімгер-жастардың рухани ой-өрісін дамыту бағытында жұмыстанып келеді.

Бүгінгі таңда ақпарат кеңістігі мен оның мүмкіндігі қандай шексіз болса, оған деген сұраныстың да еселей түскендігі белгілі. Сондықтан да  біздің алда тұрған басты міндетіміз - ақпараттық ресурстардың кең көлемде қолжетімді болуын қамтамасыз ету.