Шыңғырлау аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің

2022 жылға жетістіктері

Аудандық орталық кітапханасының қызметкерлері Баймагамбетова Рысканым Ешмухамбетовна Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай Батыс Қазақстан облысының «Үздік Мәдениет қызметкері», Сакиева Марзия Ғабдолқызы Тәуелсіздік күніне орай «Қазақстанның Құрметті кітапханашысы» төсбелгілерімен марапатталды. Алмаз ауылдық кітапханасының кітапханашысы «Қазақстан Республикасының жылдың үздік маманы» төсбелгісімен және  І-дәрежелі Дипломмен марапатталып, «Қазақстан Республикасының жылдың үздік маманы» байқауының энциклопедиясына енді

Жүйе кітапханалары «Мұхтар Әуезовті оқимыз» атты халықаралық акция-байқауы, «Кітап достық көпірі» ұлттар әдебиеті облыстық  байқауы, «Ақжайық өңірінің оқырман отбасы - 2022» облыстық отбасылар байқауы, Мұқадес Есламғалиұлының шығармашылығына арналған «Ұмытылмас, өшпес бейне» облыстық шығарма байқауы, Ресей Федерациясының Рязань облыстық балалар кітапханасы ұйымдастырған «Читаем Анатолия Митяева» және Самара облыстық балалар кітапханасының «Читаем детям о Великой Отечественной войне» атты халықаралық акция бойынша жұмыстанып кітапхана оқырмандарының жұмыстары жіберілді.

Сәуір айында Хамза  Есенжанов  атындағы  облыстық  балалар  және  жасөспірімдер кітапханасы ұйымдастырған «Кітап достық көпірі» ұлттар әдебиеті облыстық байқауында Шыңғырлау аудандық орталық кітапханасының оқырманы Жантөре Құлымжан қатысып «Менің сүйікті жазушым» номинациясын иеленді.

Мамыр айында Хамза Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасы ұйымдастырған «Ақжайық өңірінің оқырман отбасы - 2022» облыстық отбасылар байқауына қатысқан «Дән» ауылдық кітапханасының оқырман отбасы Әбілқайыровтар «Ұйымшыл отбасы» номинациясымен марапатталды.

Маусым айында Алмаз ауылдық кітапханасының оқырманы Жумабаев Манарбек Сайнұлы Сырым аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің ұйысдастыруымен жазушы, аудармашы, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Мұқадес Есламғалиұлының шығармашылығына арналған «Ұмытылмас, өшпес бейне» облыстық шығарма байқауында І-орын жүлдегері атанды.

Аудандық балалар кітапханасының оқырмандары Рязань облыстық балалар кітапханасы ұйымдастырған «Читаем Анатолия Митяева» және Самара облыстық балалар кітапханасының «Читаем детям о Великой Отечественной войне» атты халықаралық акцияна қатысты. Шара қатысушылары Л.Қылышев атындағы ЖОББМ 4 "г" сынып оқушылары (сынып жетекшісі Жазықбаева Алма Ахметқызы), 5 "г " сынып оқушылары (Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі Шапочанская Елена Александровна), Шыңғырлау ОЖББМ 4 "в" сынып оқушылары (сынып жетекшісі Ерниязова Әлия Болатқызы), 5 "в" сынып оқушылары (биология мұғалімі Утенова Саида Сериковна) белсенді қатысқандары үшін алғыс хаттар берілді.

Қыркүйек айында қазақ балалар жазушысы Молдахмет Қаназовтың туғанына 80 жасқа толуына орай халықаралық «Сиқырлы бояулар» кітап иллюстрацияларының балалар байқауына Шыңғырлау аудандық балалар кітапханасының оқырманы Жанқожа Іңкәрдің жазушының «Чика – дабылдың баласы» повесінің желісі бойынша жұмысы жіберілген болатын.  Сайысқа Германия, Израиль, Франция, Ресей, Қырғызстан мен Қазақстанның түкпір-түкпірінен 11-14 жас аралығындағы балалардан келіп түскен 122 шығармашылық жұмыс ішінен жазушы Молдахмет Қаназов (Алматы қаласы) өз атынан кітапханамыздың оқырманы Іңкәр Жанғожаның жұмысын жеке өзі атап өтіп, оған сыйлыққа ұялы телефон жүлдесін тағайындады. Сонымен қатар байқау қорытындысы бойынша Жанқожа Іңкәр Сертификатқа ие болды.

Хамза Есенжанов атындағы Батыс Қазақстан облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен ақын Қайрат Жұмағалиевтің 85 жылдығына арналған «Қайрат оқулары» поэзиялық пикник аясында Шыңғырлау аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі  толықтай қатысып Дипломдармен марапатталды.

«Бір ел бір кітап» акциясы бойынша «А.Байтұрсынов дәуірдің жарық жұлдызы» атты облыстық жас  иллюстраторлар байқауына Шыңғырлау аудандық балалар кітапханасы қатысып Дипломмен марапатталды.

Хамза Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасы «Балалар жылы» және халықтың кітап оқу белсенділігін арттыру мақсатына бағытталған «Оқитын ұлт» жобасы шеңберінде  балалар кітапханаларының беделін арттыру, олардың иннофациялық қызметін дамыту, шығармашылық әлеуетін ашу және қолдау, үздік тәжірибесі мен маңызды жетістіктерін анықтау мақсатында  «BIBLIOKIDS_07 АЙМАҚ» балалар кітапханалары арасындағы топ рейтинг қорытындысы ұйымдастырды. «BIBLIOKIDS_07 АЙМАҚ» топ рейтинг қорытындысы бойынша Шыңғырлау аудандық орталық балалар кітапханасы «Үздік креативті кітапхана» номинациясы бойынша марапатталды.

Воронеж облыстық балалар кітапханасы жариялаған «Х День поэзии С.Я.Маршака» халықаралық акциясына аудандық балалар кітапханасы қатысты. Осы акция аясында Шыңғырлау ЖОББМ 4 «в» сынып оқушылары және сынып жетекшісі Н.Г.Турымтаева сертификат табысталды.

Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының Ж.Бектұров атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен «Өшпес ерлік» жобасы аясында Кеңес Одағының батырлары Талғат Бигелдинов, Мәншүк Маметова, «Халық қаһарманы» атағының иегері Хиуаз Доспанованың 100 жылдығына арналған «Жеңіс батырлары» халықаралық интерет-байқауына қатысып Шыңғырлау ауданы Қызылкөл ауылдық кітапханасының тұрақты оқырманы Қуанышкерей Мұхаммед-Әли Серікұлы Алғыс хатпен марапатталды.


Шыңғырлау аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің

2021 жылға жетістіктері

Хамза Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өскелең ұрпақты ұлттық мәдениетті құрметтеу рухында тәрбиелеу, халық дәстүрлерімен таныстыру мақсатында ұйымдастырған «Сыңғыр шолпы, шаш бауың, жарасады таққаның» атты облыстық онлайн - фотосурет байқауына аудан көлеміндегі кітапхана оқырмандары үлкен қызығушылықпен қатысып,  байқау қорытындысы бойынша Алмаз ауылдық кітапханасының оқырманы Динара Төлеубаева  I орынға ие болды. Ал, Шоқтыбай модельді ауылдық кітапханасының оқырманы Аяжан Машиғұлова байқауға қатысқаны үшін Алғыс хатпен марапатталды. 

Хамза Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасы ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай  жас ұрпақты патриотизм мен азаматтыққа тәрбиелеу, өз өлкесінің мәдени-тарихи өміріне деген сүйіспеншілік пен сыйластықты баулу мақсатында ұйымдастырылған «Тәуелсіз елім – тұғырың сенің биікте» атты облыстық онлайн сурет байқауының қорытындысы бойынша  1-4 сынып оқушылары арасынан Ақтау модельді ауылдық кітапханасының оқырманы Бауыржан Мадияр III дәрежелі дипломымен марапатталды. Белсенділік танынып қатысқан оқырмандарға кітапхана директоры Э.Аманғалиеваның атынан Алғыс хаттар табысталды.

Хамза Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасы «Батырлар жыры – ұрпаққа мұра» жобасы бойынша «Қорғаған ұлан – байтақ даласын, батырларым биік данасын» облыстық онлайн байқауында Ащысай модельді ауылдық кітапханасының оқырманы Битингали Алихан II орын алды.

«Өрлеу» білім беруді және мәдениетті дамыту қоры» қоғамдық қоры Қазақстан Республикасының  ұйымдастырған кітапхана қызметкерлерінің шығармашылық әлеуетін ашу, қолдау, инновациялық қызметті дамыту, кітапханалардың беделін көтеру, кітапхана қызметкерлерінің ынтасын арттыру мақсатында «Қазақстан Республикасының үздік кітапханасы» республикалық конкурс ұйымдастырды. Бірнеше бөлімнен тұратын сырттай конкурстың қорытындысы бойынша  «Біздің кітапханаға, қош келдіңіз!» номинациясымен Шыңғырлау аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің аудандық орталық кітапхананың кітапханашылары Г.Б.Айжарикова, Ж.А.Мулдагалиева, М.Ғ.Жаимова 3 орынға ие болды.

26 мамыр күні Батыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасының қолдауымен Хамза Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасы отбасылық оқулар арқылы казіргі жағдайдағы отбасының белсенді әлеуметтік ұстанымының қалыптасуын, әлеуметтік желілердегі кітап насихаттауда белсенділігін дамытуын, отбасылық оқу мен отбасылық бос уақытты ұйымдастыруын қалыптастыру мақсатында ұйымдастырған «Ақжайық өңірінің оқырман отбасы - 2021» онлайн облыстық фестиваліне Шыңғырлау аудандық орталық кітапханасынан Шорабаевтар оқырман отбасы қатысты. Шараға қатысқан оқырман отбасы өздерін таныстырып, оқыған кітаптарын қалың көпшілікке ұсынды. Фестиваль барысында Шорабаевтар отбасы бүгінгі күні кітап оқуды насихаттайтын үздік, белсенді отбасылардың бірі екендігін көрсете білді. Фестиваль қорытындысы бойынша Алғыс хат пен естелік сыйлықтар ие болды.

31 мамыр -  саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай Хамза Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасы «Қазақ әдебиетінің үш алыбы» атты онлайн оқу ұйымдастырды. Атаулы шараға Аудандық балалар кітапханасы, Ащысай Ақтау, Ақбұлақ, Алмаз ауылдық кітапханасының оқырмандарына белсенділік танытып қатысқаны үшін сертификат табысталды.

Мекемелер мен кәсіпорындар арасындағы мемлекеттік тілді меңгерген қызметкерлердің санын арттыру, рухани құндылықтарымызды насихаттау, қоғамның әр саласында қызмет етіп жүрген мамандарды ынталандыру мақсатында Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасы ұйымдастырған облыстық байқауда Шыңғырлау аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің қызметкерлері жүлделі ие болып, ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

Шыңғырлау аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің директоры Г.Ф.Қуанаева, аудандық орталық кітапханасының оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы О.В.Коба, аудандық балалар кітапханасының кітапханашысы Л.Ю.Ибрашева, кітапхана ардагері А.Н.Иманбекова ауданымыздың кітапхана саласын дамытуға қосқан елеулі үлесі мен ұзақ жылғы адал қызметі үшін Қазақстандық Кітапханалық Одақ атынан «Қазақстанның Құрметті кітапханашысы» төсбелгісімен марапатталды.

Жазушы, аудармашы, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Мұқадес Есламғалиұлының туғанына 75 жыл толуына орай ұйымдастырылған «Қанатты сөз, қарымды қалам иесі» тақырыбындағы облыстық жыр мүшәйрасына қатысқан Амангелді ауылдық кітапханасының және Шоқтыбай модельді ауылдық кітапханаларының оқырмандары Алғыс хатпен марапатталды.

Хамза Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасы облыстық мәдениет басқармасының қолдауымен ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу жөніндегі іс-шаралар жоспарына енгізілген «Қайырымдылық істер марафоны» жалпы ұлттық жобасы аясында облыстық кітапханалар арасында «Қайырымдылық марафоны» жарияланды. Осы орайда Шыңғырлау аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі ұжымы 27 шілде күні Қаратөбе ауданында азқамтылған 1 отбасына қайырымдылық қолын созып Қаратөбе ауданы кітапханашыларына эстафетаны табыстады.

 «Даля читали» халықаралық онлайн-фестиваліне белсене қатысқан аудандық балалар кітапханасының оқырмандары Дипломмен марапатталды. Жетекшісі Гончарова Галина Викторовна.

Ж.Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен өткен «Әдеби марафон» жобасы аясында Шыңғырлау аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі «Еврейская литература» номинациясы бойынша Дипломмен марапатталды.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 2 желтоқсандағы жарлығы бойынша Шыңғырлау аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінде ұзақ жылдар қызмет еткен, кітапхана ардагері Джалетова Райхан Гарифулловна «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік төсбелгісімен марапатталды.

Батыс Қазақстан облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапханасы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырған «Алма сөресі» кітап эстафетасына қатысып, ерекше балалар арасында кітап пен оқуды насихаттауда белсенділік танытқаны үшін Шоқтыбай модельді ауылдық кітапханасының кітапханашысы Н.Машгулова, Алмаз ауылдық кітапханасының кітапханашысы Ж.Жетмекова, Ақтау модельді ауылдық кітапханасының кітапханашысы А.Аймангалиева, Ақсуат ауылдық кітапханасының кітапханашысы С.Тауова, Амангелді ауылдық кітапханасының кітапханашысы С.Успанова, аудандық орталық кітапханасының кітапханашысы Ж.Мулдагалиева Алғыс хатпен марапатталды.

Ақбұлақ ауылдық кітапханасы Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында жаңадан ашылған мәдениет үйінде қызмет көрсете бастады.

 


Шыңғырлау аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің

2020 жылғы жетістіктері

Кемеңгер ойшыл, ұлтымыздың тарихында ерекше орын алатын ұлы тұлға, ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай Жұбан Молдағалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы ұйымдастырған «Абай оқулары» облыстық on-line байқауында аудандық орталық кітапханасының оқырманы Исекенов Айдос Қарлыбайұлы БАС ЖҮЛДЕГЕ ие болды.   


Шыңғырлау аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің  2020 жылғы жетістіктері

2020 жылдың 13 наурыз күні Шыңғырлау аудандық орталық кітапханасында отбасылық оқу дәстүрін қалыптастыру арқылы жас ұрпақты кітап оқуға тарту және дәріптеу, отбасылық оқу мен отбасылық бос уақытты ұйымдастыру, жас отбасылардың шығармашылық қабілетін байқау мақсатында «Оқырман отбасы – 2020» байқауы өткізілді. Байқау қорытындысы бойынша Ащысай модельді ауылдық кітапханасының Жанакашевтар отбасы жеңімпаз атанды.

ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының ұйымдастыруымен «Маған ұнаған жыр...» атты поэтикалық онлайн жыр байқауына Ақсуат ауылдық кітапханасының оқырманы Аманқызы Інжу, Ащысай модельді ауылдық кітапханасының оқырманы Таңбай Нұржігіт, Ақтау модельді ауылдық кітапханасының оқырманы  Бисенбиева Раушан қатысып, сертификатқа ие болды.

Ж.Молдағалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясын оқушы оқырмандар арасында қашықтан өткізген онлайн байқауында Ақсуат ауылдық кітапханасының Айтмұхамбетовтар отбасы ІІІ орынға ие болды.

Шыңғырлау аудандық орталық кітапханасының балалар мен жасөспірімдермен жұмыс жүргізу әдіскері Айтжанова Гүлназ Оразғалиқызы Хамза Есенжанов атындағы балалар және жасөспірімдер кітапханасының кітапханашылар арасында ұйымдастырған «Абай – қазақ халқының алтын діңгегі» атты облыстық онлайн трибьютке қатысып «Креативті жас кітапханашы» номинациясы бойынша дипломға ие болып, марапатталды.

Халықаралық отбасы күніне орай Хамза Есенжанов атындағы балалар мен жасөспірімдер кітапханасы ұйымдастырған «Ақжайық өңірінің оқырман отбасы – 2020» облыстық онлайн байқау қорытындысы бойынша Ащысай моделді ауылдық кітапханасының оқырмандары Жанакашевтар отбасы бас жүлдеге ие болды.

Ж.Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасының «Батырлық – Мужество» жобасы шеңберінде Ұлы Жеңістің 75 жылдығына арналған жастардың шығармашылық жетістіктерін насихаттау, салауатты сөйлеу және оқу дағдыларын дамытып, әдеби және көркемдік талғамды қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған «Ұлы Жеңіс мәңгі есте сақталады» республикалық Интернет байқауында Ащысай модельді ауылдық кітапханасының оқырманы Сұлтанова Балжан Бас жүлдеге ие болды. Алмаз ауылдық кітапханасының оқырманы Муканова Айгерімге, ХПП ауылдық кітапханасының Буранбаева Гүлдерайымға, Ақсуат ауылдық кітапханасының оқырманы Егизова Еркежанға байқауға белсене қатысқандары үшін  сертификат берілді.

 


Шыңғырлау аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің  2019 жылғы жетістіктері

Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстанның Халық жазушысы, ақын Қадыр Мырза Әлінің туған күніне орай ұйымдастырылған облыстық «Қадыр оқулары» онкүндігіне белсене қатысқаны үшін Х.Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасы атынан Аудандық балалар кітапханасының кітапханашылары Г.Гончарова мен Г.Досиева Алғыс хатпен марапатталды.

Наурыз айынан WWW.library-Ching.kz кітапхана сайты іске қосылды.

Наурыз мерекесі қарсаңында қазіргі заман талабына сай заманауи жабдықтармен жабдықталған коворкинг орталық Аудандық балалар жанынан ашылып, қызмет ете бастады.

Мәдениет қызметкерлері күніне орай ұйымдастырылған аудандық «Рухани қазына» фестивалінде Аудандық балалар кітапханасының «Вместе с книгой мы растем» кітапханалық жобасы «Жыл жобасы – 2019» номинациясына ие болды.

Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Жазушылар одағының Батыс Қазақстан облыстық бөлімшесінің төрайымы, «Құрмет» орденінің, әдебиет пен өнер саласындағы Мемлекеттік сыйлықтың, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, Ақжайықтың ақ шағаласы атанған жерлес ақынымыз Ақұштап Бақтыгерееваның 75 жылдық мерейтойына орай Теректі ауданының әкімдігі, Батыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасы, Ж.Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы және Теректі аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің ұйымдастыруымен  жарияланған «Ғаламат жыр тудырар ақын бейне» атты республикалық әдеби жыр байқауында (қашықтан) ақынның туындыларын жүрекпен оқып, жүрекке жеткізе білген Алмаз ауылдық кітапханасының белсенді оқырманы Дархан Мақсотов  «Өлеңдері өмірдің өзіндей» аталымы бойынша II орынға ие болды.

Облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған кітапханасының құрылғанына 50 жыл толуына орай  зағип және нашар көретін оқырмандар арасында «Кітапхана менің өмірімде» атты «Ең үздік шығарма» байқауына Амангелді ауылдық кітапханасының оқырманы Гумарова Бибінұр Тілекқабылқызының жұмысы жолданып, байқау қорытындысында белсене қатысқаны үшін Алғыс хатпен  марапатталып, ақшалай сыйлық сертификатына ие болды.

Батыс Қазақстан облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған кітапханасының құрылғанына 50 жыл толуына орай өлкетану бағытында ұйымдастырылған “Ең үздік басылым” байқауына белсене қатысқаны үшін Шыңғырлау аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі Алғыс хатпен марапатталды.

Ж.Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен  өткен «BIBLIO QOSHEMET – 2019» атты салтанатты шарада Ащысай модельді ауылдық кітапханасының кітапханашысы Ж.С.Байсалова «Кітапхана ісінің ардагері» төсбелгісімен, Шыңғырлау аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің директоры Г.Ф.Қуанаева «Үздік директор-2019» номинациясымен марапатталды.

29 қараша күні ауданда өткен «РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ OSKARY – 2019» және «ЖЫЛ ҮЗДІГІ» премиясын табыстау кешінде Аудандық орталық кітапханасында ұйымдастырылған «Кітап – уақыттың мәңгілік куәгері» атты библиотүн бағдарламасы жылдың үздік шарасы аталып, марапатталды.

 


Шыңғырлау аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің тәуелсіздік жылдардағы жетістіктері

Ұлттық құндылықтардың рухани қазынасы – кітапханалар, еліміз тәуелсіздік алған жылдардан кейін өз қызметінің мән-маңызы жағынан ақпараттық қоғамда кез келген адам үздіксіз білім алатын, шығармашылық көзіне, қоғамдық өмір мен мемлекеттік басқаруға азаматтарды белсенді қатыстыру құралына, барлық қызмет саласы мамандарының біліктілігін көтеруге дайындайтын, экономика мен бизнестің ақпараттық тірегіне және ұлтымыздың тарихы мен мәдениетін сақтаушыға әрі белсенді серіктеске айналды, жаңашылдық  бағыттағы дамудың жаңа белесіне көтерілді.

2000 жылы Мәдениетті қолдау жылында кітапханада кітап қорлары жаңа басылымдармен толықтырылып, жиһазбен, техникалық құралдармен қамтамасыз етіліп, кітапханалардың материалдық жағдайын жақсарту мәселелері оң шешімін тапты. Мәдениетті қолдау жылы Аудандық балалар кітапханасында Ертегілер бөлмесінің ашылуымен  ерекшеленді. Жұмсақ жиһаз, түрлі түсті  LG теледидары мен DVD тұғырығымен қамтылып, ертегілер көріністері мен кейіпкерлері әсем безендірілген Ертегілер бөлмесі мектепке дейінгі және төменгі сынып оқушыларына қызмет көрсете бастады. Қазіргі уақытта жыл сайын Ертегілер бөлмесінде құнды ертегі кітаптарымен қоса  ойыншықтармен қамтылып, балалардың ертегі оқып, мультфильм қарап, ойнауға да мүмкіндік жасалынып отыр.

Тәуелсіздік жылдарында кітапхана ісінің басым бағыттарының біріне барлық аймақтардағы өлкетану ісі бойынша жұмыстарды ұйымдастыру болып табылады. ОКЖ кітапханалары өлкетану қорын қалыптастыру және сақтау  мақсатында жұмыстана отырып, 2004 жылы облыстық мәдениет басқармасының бастауымен өткізілген «Ауыл энциклопедиясы – шағын Отан» байқауына қатысып, І кезеңінде «Үздік өлкетану номинациясы» бойынша екінші орынды, «Туған өлке – тұнған шежіре» атты ІІ кезеңінде ынталандыру сыйлығына ие болды.

ОКЖ кітапханалары оқырмандардың ақпараттық сұраныстарын қанағаттандырумен қатар жас ұрпақтың санасын, дүниетанымын ақпарат арқылы кеңейтіп, жан-жақты білім алуына, әрі жастарды кітапханаға тарту, отаншылдыққа, өнегелік тәрбие қалыптастыру, оқырмандардың бос уақыттарын тиімді өткізу мақсатында көптеген танымдық іс-шараларды ұйымдастырып өткізіп отырады. Сонымен қатар облыстық семинарлар ұйымдастырып, облыс және республика бойынша жарияланған сайыстарға белсене қатысып, жүлделі орындарға ие болды.

2007 жылы 11 шілдеде облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасының бастауымен «Балалар мен жасөспірімдерді Қазақстандық патриоттыққа тәрбиелеудің бағыттары» атты семинар өткізілді.

2009 жылы республикалық С.Бегалин атындағы мемлекеттік балалар кітапханасы жариялаған «Объективте мен және кітап» фотобайқауына аудандық балалар кітапханасының кітапханашысы Л.Ибрашеваның  кітапханада өткізілген іс-шаралар мен кітап көрмелерінің фотосуреттері «Кітап керуені» номинациясы бойынша бағаланып, марапатталды. Осы байқауға сонымен қатар аудандық мектептен тыс балалар шығармашылық орталығының үйірме жетекшісі Ә.Базарбаевтың жұмыстары жіберіліп, «Отбасылық портрет» және «Сенің нағыз досың кітап» атты номинациясы бойынша үздік атанып, дипломмен марапатталды.

2011 жылы маусым айында ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай «Тәуелсіздіктің 20 жылдығы – Аймақтағы кітапхана ісінің белестері»  атты облыстық семинар және Х.Есенжанов атындағы ОБЖК ұйымдастырылған «Кәсіби эстафета» Шыңғырлау ОКЖ өткізілді.

Жұбан Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап ғылыми және Х.Есенжанов атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастырған «Жайық өңірінің отбасы - 2013» сайысына Лекеровтар отбасы қатысып үшінші орынға ие болды.

Өлкетану туралы ақпараттың ролін ескере отырып, пайдаланушыларға өлкетанулық ресурстарды толық әрі ыңғайлы пайдалануға мүмкіндік беру мақсатында Аудандық орталық кітапханасы 2013 жылдан бері ақпараттық технологияларды ендіру және дамыту бағытындағы облыстық «Өлкетану - Аймақ» өлкетану мәліметтер базасының корпоративтік жобасы бойынша жұмыс жүргізіп отыр. Жоба бойынша  «Шыңғырлау», «Ақжайық», «Сырым», «Қаратөбе», «Теректі» электронды өлкетану мәліметтер қоры жасақталынды. 

2014 жылы Х.Есенжанов   атындағы  облыстық балалар мен жасөспірімдер  кітапханасы  Ресей Федерациясының  Курск  қаласындағы Облыстық балалар  кітапханасының ұйымдастыруымен  «Книги  строят мосты» сайысына ауданымыздан қатысқан  оқушылар Б. Утепбергенова, Д.Акбалиева,  Д.Ізбасаровалардың   жазған  шығармалары үздік болып танылып, сыйлықтармен марапатқа ие болды.

2015 жылы Ж.Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасы ұйымдастырған «Жауынгер хаты – отбасылық жәдігер» атты халықаралық жастар байқауында (виртуалды) «Еркін жанр» номинациясы бойынша аудандық орталық кітапханасының оқырманы Н.Кишкина ІІІ дәрежелі дипломмен, аудандық балалар кітапханасының кітапханашысы Л.Ибрашева Ресей Федерациясының  Курск  қаласындағы Облыстық балалар  кітапханасының ұйымдастыруымен  Жеңістің 70 жылдығына орай өткізілген «Чтобы дверь не открыла война» атты халықаралық байқауына қатысып дипломмен марапатталды. Сонымен қатар Х.Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасы мен «Татар мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдық мерейтойы аясында өткізілген «Кітап – достық көпірі» татар ұлтының әдебиетін насихаттау виртуалды байқауына аудандық балалар кітапханасының оқырмандары белсене қатысып «Менің сүйікті жазушым», «Мен жақсы көретін татар ақыны» номинациялары бойынша марапатталды.

Тәуелсіздіктің 25 жылдығы қарсаңында 2016 жылы 3 тамызында Ащысай және Шоқтыбай ауылдық кітапханалары Модельді кітапхана статусына ие болды.

Қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникативтік технологиялар негізінде ауыл тұрғындарының білімге қолжеткізуін қамтамасыз ету және мәдени, ақпараттық қызмет көрсететін ауылдағы жаңа кітапхананың стандартын дамыту мақсатында 2017 жылдың 28 қыркүйегінде «Ауыл кітапханаларының фестивалі» облыстық жобасы Белогор ауылдық кітапханасында оздырылды. Осы жоба аясында Белогор ауылдық модельді кітапханасы статусы берілді.

2017 жылы Ж.Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен   Ж.Молдағалиевтың туған күніне орай өткен  «Артында өшпейтұғын сөз қалдырған» атты XXVII облыстық «Жұбан оқулары» байқауына  Шыңғырлау ОКЖ-сі  атынан Шыңғырлау ЖОББМ   қазақ тілі пәнінің мұғалімі   Сейтова Айнур Жасталапқызы қатысып бас жүлдеге ие болды.

2018 жылы 15 мамыр халықаралық отбасы  күніне орай  Х.Есенжанов атындағы балалар мен жасөспірімдер кітапханасында ұйымдастырылған «Отбасы оқуы -  ұрпақтар сабақтастығы» атты  облыстық оқырман отбасылар шеруінде Шыңғырлау аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты Ақсуат ауылдық кітапханасының оқырман отбасы Қалиевтер жанұясы бірінші орынды иеленді.

2018 жылы Аудандық балалар кітапханасы Ресей Федерациясының Воронеж балалар кітапханасы ұйымдастырып отырған «Балалар кітапханаларындағы VІ С.Я.Маршак поэзиясы күні»  халықаралық акциясына қатысып, Дипломмен марапатталды.

2018 жылдың 28 қараша күні өткен облыстық «Ауыл кітапханалары фестивалі» жобасын қорытындылау кезеңінде аудан кітапханаларының дамуына өзіндік салмақты үлесін қосып, табысты еңбек етіп келе жатқан әріптесіміз, Шыңғырлау ОКЖ директорының орынбасары Бердегалиева Гүлмира Макарқызы Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының «Кітапхана ісінің үздігі» төсбелгісіне ие болып, кітапхана мен оқырман арасындағы қарым-қатынасты нығайтуда тың идеялар мен креативті жобалар ұсынып, белсене қатысқаны үшін Шоқтыбай модельді ауылдық кітапханасы Алғыс хатпен марапатталып үздіктер қатарынан көрінді.