Шыңғырлау аудандық орталық кітапханасының оқу залында Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай «Ұлттар достығы өнеге, халықтар достығы үлгі болған Қазақстан» атты форум ұйымдастырылып өткізілді. Шараға кітапхана оқырмандары, ұлттық мәдени орталықтардың басшылары және Ресей Федерациясының Орынбор облысы, Елек ауданы , Озерки ауылының кітапханасының оқырмандары «ZOOM» бағдарламасы арқылы қатысты. Кітапханашы Мухарамова Расима Хаметдиновна қазақстандық әріптестерін мерекемен құттықтаумен қатар, татар ұллтық әнін «Ахиратлер» (подружки) ансамблінің орындауында мерекелік құттықтау ретінде жолдады.

Ұлтаралық, конфессияаралық келісімді нығайту, әр ұлттың салт-дәстүрін сақтау, дәріптеу мақсатында ұйымдастырылған шараға ауданымызда тұрып жатырған өзге ұлт өкілдері арасындағы оқырмандар белсене қатысты. Шара барысында орыс ұлттық- мәдени орталығының «Сударушка» вокалдық тобы (жетекшісі Н.Ю. Габдрахманова) «Казахстан-наш общий дом» әнін орындаса , Татар ұлттық- мәдени орталығының жетекшісі Л.Волошина мерекемен қатысушыларды құттықтап, татар халқының салт-дәстүрлері туралы баяндап, татар әдебиеті өкілдерінің шығармышылығымен (Г.Тоқай, М.Джалиль) таныстырып, Ғ.Тоқайдың қазақ тіліндегі таңдамалы шығармалары кітабын Шыңғырлау аудандық орталық кітапханасына сыйға тартты. Сонымен қатар ауданымызда корей ұлтының өкілдері тұрады. Халықтық «Елім-ай» әжелер ансамблінің жетекшісі Тажкенова Т. қатысушыларды мерекемен құттықтап, ынтымақ-береке артуына өзіміз себепші болып, достықты әрі қарай нығайтуға, бейбіт өмірдің қадірін білуге шақырды.

Украйн ұлттық мәдени-ұлттық орталығының жетекшісі Н.Алиева мереке тарихына тоқтаумен қатар, Қазақстандағы ұлтаралық, конфессияаралық келісімнің нығаюнда ұлттық орталықтардың маңызы зор екенің айта келе қонақжай қазақ халқына ризашылығын білдірді.

Аудандық балалар кітапханасының кітапханашысы Гончарованың Г.В. Татьна Кузовлеваның "Живая вода" поэмасынан үзінді оқырман назарына ұсынылды.

Ауданымызда тұратын әр ұлттың өзіне ғана тән өзіндік салт -дәстүрлері мен әдет -ғұрыптары туралы айтылып, «Ынтымақ, бірлік жарасқан Мәңгілік ел –Қазақстан» атты кітап көрмесінің шолуы оқырмандар назарына ұсынылды.