9 мамыр Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 78 жылдығына орай Шыңғырлау аудандық орталық кітапханасының ұйымдастыруымен «Ер мен жердің жеңісі» атты тарихи сағат Шыңғырлау аудандық колледж студентері мен ұстаздары қатысуымен өткізілді.. Шара барлық қатысушылардың мемлекеттік әнұранды орындауымен ашылды. Тарихи барысында «1941-1945 Ұлы Отан соғысы» және «Ұлы Отан соғысындағы ең жас қазақ батырлары» атты бейнебаяндар оқырмандар назарына ұсынылып, Шыңғырлау колледжінің алғашқы әскери дайындық жетекшісі Қайрат Сағидоллаұлы Давлетовтің жетекшілігімен студенттер әскери дайындық жаттығуларынан көрініс көрсетті. Шара барысында 1 курс студенттері Саркулова Аяулым «Отаным менің», Искакова Айя «Сенің арқаң», Орынбасарова Сағыныш «Елімнің қайсар рухты жігіттері», Уралбаев Алихан «Мен қазақпын, ұланымын елімнің» атты өлеңдерін оқыды, кітапханашы Н.Садыкова «Жеңіс туы желбірейді мәңгілік» атты кітап көрмесінің шолуын оқырман назарына ұсынды. Кітап көрмесіне Бауыржан Момышұлының «Москва үшін шайқас», Қайролла Аманның «Соғыстан соңғы сергелдең», Әлихан Қалдыбаевтың «Сағындым сені, інім» , «Жеңістің 70 сәті», А.Ахметованың «Эхо войны», А.Ахетовтың «Жеңіс перзенттері», Кәкімжан Қазыбаевтың «Кернеген кек», Хиуаз Доспанованың «Халқым үшін», «Боздақтар», Б.Исаның «Жеңіс жолында», Ғ. Сафиуллиннің «Жеңіс жолы» , «Ұлы Отан соғысының тарихы» атты кітаптар қойылды.