Жобалар
Еліміздің кітапханаларында кеңінен таралып келе жатқан жұмыс бағыты кітапханалық жобалар мен бағдарламалар. Жобалық тұжырымдамаларының негізін қалайтындар – кітапхана ісінің басқару саясатына жаңа көзқарас, жаңа әдістермен ақпаратқа қол жеткізу мақсатында жүргізетін іс-шаралар. Осы мақсатта 2018 жылы аудан кітапханалары ішінде ХПП кітапханасы «Көк сандық», Шоқтыбай модельді ауылдық кітапханасы «Саяхаттаушы кітаптар», Ақтау модельді кітапханасы «Оқы. Талқыла. Суретте», Аудандық балалар кітапханасы «Ауылым ашылмаған - қазыналы кен» және «С книгой мы растем всегда», Аудандық орталық кітапхана «Әдеби көпір» атты кітапханалық жоба бойынша жұмыстанып, Ащысай модельді ауылдық кітапханасы «Оқы да, биіктен көрін», Амангелді ауылдық кітапхана «Туған өлкем – байлығым» атты бағдарламасы бойынша жұмыстанды. Осындай аудан көлеміндегі кітапханалық жобалармен қатар облыс көлемінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында іске асырылып жатқан жобалар бойынша жұмыс жүргізілді.
Аудандық балалар кітапханасы Х.Есенжанов атындағы балалар мен жасөспірімдер кітапханасы қолға алған «Алтын бесік – атажұрт» жобасы аясында жергілікті ақын-жазушылардың туған жерге арнаған өлеңдерін, әндерін CD дискіде жинақтады. Аудандық орталық кітапхананың әдістемелік-библиографиялық бөлімі Ж.Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының Батыс Қазақстан облысының қасиетті жерлері мен киелі орындары туралы мәліметтерді жинақтап, электронды мәліметтер базасын құру мақсатында ұйымдастырған «Батыс Қазақстан облысының киелі жерлер тарихы» атты жобасына қатысты мәліметтерді жинақтап, тоқсан сайын ақпарат берілді. 2019 жылы да бұл жұмыстар жалғастырылады.
«Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы арқылы цифрлы кітапхананы дамыту үшін 2020 жылға дейін барлық қазақстандық кітаптарды цифрлық форматқа ауыстыру міндеті қойылғаны мәлім. Қазір еліміздегі барлық кітапханалар осы мақсатта жұмыстануда. «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында өлке туралы әдебиеттерді сканерлеу жұмысы Ж.Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының бастамасымен жүргізіліп, Аудандық орталық кітапханасында 80 кітап сканерленді.
2019 жылы аталған кітапханаларда «Саяхаттаушы кітаптар», «Оқы. Талқыла. Суретте», «С книгой мы растем всегда» жоба жұмыстары жалғастырылып, Сегізсай ауылдық кітапханасы «Біз кітаппен бірге өсеміз», Ақсуат ауылдық кітапханасы «Ертегімен есейем», «Оқитын Шыңғырлау» жобасы Аудандық орталық кітапханасында, Алмаз ауылдық кітапханасы «Аққұмда ізі қалған ұлы есімдер» жобасын, ХПП кітапханасы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Қазына сандық» және кітап оқуды ілгерілету мақсатында «Мың бір маржан» тақырыбындағы жобаларды ұйымдастырып, жұмыстануды жоспарлап отыр. Осындай кітапханалық жобалармен қатар Қызылкөл ауылдық кітапханасы «Даналық көзі – кітапта», Амангелді кітапханасы «Менің қайталанбас өлкем» тақырыбындағы бағдарламаларды қолға алып отыр.
«Саяхаттаушы кітаптар» жобасы
/Шоқтыбай модельді ауылдық кітапханасы/
«Оқы, талқыла, суретте» жобасы
/Ақтау модельді ауылдық кітапханасы/
Жоба мақсаты: Оқырмандардың кітапқа деген қызығушылығын арттырумен қатар олардың дүниетанымын, эстетикалық талғамдарын кеңейту, көркемсөз бен табиғаттың үндестігін сезіндіру арқылы шығармашылық әуелеттерін ашу, танымдық белсенділіктерін арттыру.
Жобаның тақырыбы: «Оқитын Шыңғырлау»
Жобаның мақсаты: Ауыл тұрғындарын кітап оқуға тарту, кітапты көп оқитын орта қалыптастыру, оқырмандардың назарын кітапқа аударту.
Алмаз ауылдық кітапханасы
Жоба тақырыбы: «Аққұмда ізі қалған ұлы есімдер»
Жоба мақсаты:
- Өлкетану бағытындағы әдебиеттермен таныстыру, елдің тарихын оқып меңгерген тарихи сананы қалыптастыру;
- Қорды өлкетану әдебиеттермен толықтыру;
- Аулдан шыққан ұлы тұлғалардың есімін ұлықтау:
- Туған ел, туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыру;